(Кей ұл-қыздың қылығы)
Былай болған бұрында –
Қыздың көзі қырымда…
Ұлдың көзі тым ұзын,
Тізеге түскен бұрымда.
Аспанның ашық күнінде,
Болды ғой былай бүгінде –
Бір-біріне асылу,
Турасын айттым, түңілме!
Беріліп бұлар бос сөзге,
Бөксені сипап тұрғаны…
Сұмдық екен сырт көзге,
«Құдайдың сол ғой ұрғаны».
«Сырттан» соққан салқын-ай,
Сыйламай салт пен халқын-ай,
Сормаңдайлар сән қуып,
Жалаңаш жүр-ау жартылай…
Арақ пен шылым, есірткі,
Естерін алып ешіртті…
Үлкен мен ұлтты сыйламай,
Ұмытты жатқан бесікті.
«Лайланып» сөздері,
Тұманданып көздері,
Аспаннан сонау салбырап,
Түскендей тура өздері.
Болды кезің білетін,
Ненің жақсы-жаманын.
Жасама қылық күлетін,
Алашқа керек аманың!
Ойланшы…
Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!