Қазақстанда көптеген адам кибер алаяқтардың тұзағына түсуде, бұл интернет ресурстарын ауқымды пайдаланумен және азаматтардың жеке деректерінің қолжетімділігімен байланысты.
Алаяқтық – бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген, бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену түрі.
Ағымдағы жылғы статистикаға сәйкес Қызылорда қаласы бойынша 507 алаяқтық тіркелген. Тіркелген интернет алаяқтықтарының саны 257-ден 289-ға дейін, яғни 13%-ға өсті (2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда).
Алаяқтықтың кең таралған түрлері: автомобильдерге, тұрмыстық техникаға арналған қосалқы бөлшектерді (OLX порталдарында, Крыша, Kolesa.kz және т.б.), жылжымалы не жылжымайтын мүлікті (мәліметтердің дұрыстығын тексермей және белгілемей) сату туралы хабарландырулар, кредиттік қарыздар беруді және т.б. түрлерін қамтиды.
Адамдар желіде жарияланған кез келген мүлікті сату туралы хабарландыруларға сеніп, зиянкестердің құрбанына айналады. Еш күдіктенбестен, бөгде адамдарға мессенджерлер арқылы банк карталарының, жеке куәліктерінің фотосуреттерін жібереді. Ақша көздерін берілген ұсыныстарды тексермей аударады.
Тауарды сатып алуға немесе пәтерді төмен бағамен жалға алуға деген ұмтылыс банктік картаға алдын ала төлем жіберуге әкеледі, нәтижесінде тауарлар (қызметтер) да, ақша да болмайды.
Мұндай қылмыстардың ашылуы төмен деңгейде қалып отыр – шамамен 72%. Мұның себебі, көптеген адамдар аз мөлшерде зиян келтіргендіктен полиция органдарына жүгінбейді, сонымен қатар тергеу процесі интернеттегі алаяқтықтың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие, яғни жәбірленуші бір аймақта, ал алаяқ басқа, кейде өзге мемлекетте болуы мүмкін.
Осыған байланысты, қала прокуратурасы қала тұрғындарына қырағы болуға және өздерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға, бөгде адамдарға тиісті тексерусіз ақша жібермеуге, өздеріне қауіп төндірмей интернет алаяқтар тарапынан сақ болуға кеңес береді.
Қызылорда қаласының прокуратурасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!