Қызылордада 2 миллион теңге жымқырған алаяқ әйел ұсталды. Бұл туралы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
27 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық дерегіне қатысты арыз түсірген болатын. Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың тамыз айында бір әйел облыс орталығының шағын ауданында қолжетімді баспана алуға жәрдемдесуге уәде берген. Ол әйелдің тұрғын үй құжаттарын жедел рәсімдеп беретіндігіне сеніп, оған 3 000 000 теңге көлемінде ақша төлеген. Көп ұзамай жәбірленуші ешқандай нәтиже көрмей, ақшасын қайтаруды талап етеді. Содан кейін алаяқ әйел оған 1 миллион теңге қайтарып, қалған ақшасын бермей қашып жүрген.
Қызылорда қалалық ПБ-сы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 57 жастағы тұрғыны құрықталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол өзі жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!