Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақтағы діни ахуал тұрақты

22.07.2024, 10:15 356

HALYQLINE.KZ

Дін – халық мәдениетінің рухани негізі. Оның қоғамда алатын орны қашанда ерекше. Сол себепті жас ұрпаққа діндер тарихы мен оның құндылықтары, рухани астары туралы мәлімет беру – өмір талабы. Бүгінде аймақтағы діни ахуал тұрақты деп сипаттауға болады. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхаммед Ермеков хабарлады.

– Есепті кезеңде ақпараттық түсіндіру тобымен қарқынды жұмыс істелді. Түрлі мақсатты топпен 6398 іс-шара өткізіліп, оған 112662 адам қамтылды. Іс-шаралардың мақсатты тобына түрмеде жазасын өтеушілер, пробациялық есептегі тұлғалар, мешіт жамағаты, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жастар, Neet санатындағы жастар, мемлекеттік және бюжеттік сала, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. кіреді. Әрбір іс-шара соңында тақырыптың өтімділігі мен спикердің біліктілігін тексеру мақсатында қатысушылар арасында QR код арқылы анонимді сауалнама қарастырылған. Бұл өз нәтижесін береді деген сенімдеміз, – деді Дінмұхаммед Жандарбекұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде берген брифингте.

Сонымен қатар, қазірде дін басқармасының әлеуметтік желідегі медиа маркетингі қарқынды жұмыс істеуде. Бұл басқарманың негізгі артықшылығы деп білеміз. Түрлі подкаст пен бағдарламалар басқарманың жұмысын жүйеледі.

– Айта кету керек, студияның мүмкіндіктерімен әлеуметтік желілерде жастарға арналған «Оңай» подкаст жобасы, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Сіз не дейсіз?», әйел жамағатына арналған «Айнамкөз», мәдениет және қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен өзге де мәселелерді қамтитын «Баға Like», республикалық және өңірлік ақпараттық-түсіндіру топ өкілдерімен сұхбаттар жүргізуге арналған «Кезекті сұхбат» бағдарламаларының таралымы кеңейтілді. Әлеуметтік желілердегі парақшаларға тіркелушілердің саны жыл басынан бері 6120 адамға артты. Сонымен қатар, басқарма және орталық мамандарымен «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне күмәнді деп танылған 1158 сілтеме енгізілді. Нәтижесімен бұл сілтемелерді жабу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Дін істері комитеті жанында «Контр» қарсынасихаттық материалдарды енгізу порталы бар. Бүгінде оған 102 материал салынып, 92-і мақұлданды, – деді басқарма басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: