Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ жастары Аралдағы шаруаларға қолдау білдірді

08.07.2021, 9:45 438

HALYQLINE.KZ Арал ауданының тұрғындары мал азығының тапшылығына байланысты шығынға ұшырауда. Осыған орай, облыстық жастар ресурстық орталығы барлық саладағы белсенді жастармен бірлесіп, «Жастардан жәрдем» атты акция бастады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Азамат Мукеев мәлімдеді.

Бүгінде Арал ауданының ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығы саласы Сырдария өзеніндегі су тапшылығының әсерінен ауыр қиыншылықтарды бастан өткеруде. Осы жағдайға байланысты ауданға материалдық көмектерді ұйымдастыру шарасы қолға алынды. «Жастардан көмек» акциясы аясында аймақ жастары, еріктілері, салалық құрылымдардың өкілдері мал азығын дайындау жұмыстарына кірісті. Орылған шөпті Арал ауданына жеткізу үшін тасымал құралдары ұйымдастырылуда.

«Қазірдің өзінде кәсіпкер-меценаттар мен белсенді жастардан кері байланыс бар. Жерлестеріміз материалдық көмектерге қолдау жасауға ынталы», – деді А.Мукеев.

Бүгінде Шиелі, Жаңақорған, Сырдария ауданының ерікті жастары шөп ору жұмыстарын бастап та кетті. Оны жөнелту үшін жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: