Өздеріңізге белгілі, Болат Өтемұратовтың қорынан бөлінген қаржыға «Қорқыт ата» әуежайдың жаңа терминалының құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан таяуда ел игілігіне табысталмақ.
Өткен жылы осы терминал жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға барлық инженерлік жүйелермен қамтылды. Ал, биыл әуежайдың аумағы және оған іргелес аумақ абаттандырылуда. Көгалдандыру жұмыстарын бастап, кіреберіс жолы да салынуда.
Нақтыласақ, «Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата әуежайының аумағын абаттандыру. Түзеу» жобасы бойынша аумаққа 615 шаршы метр гранит жабыны, 16,2 шаршы метр асфальт, 4038 шаршы метр кеспе тас және 3630 шаршы метр қиыршық тас төселуде.
Келесі, «Қызылорда қаласындағы әуежайдың іргелес аумағын абаттандыру құрылысы» жобасы бойынша 4 жолақты, ұзындығы 480 метр, әр жолақтың ені 3,5 метр болатын жол салынуда.
Аталған жобаларды жүзеге асыруға жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаздары «Сәт-Сервис» пен «Иман» ЖШС құрылысқа жоғары сапалы материалдарды пайдалануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!