Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адамдықтан айныған сәтте…

05.11.2025, 10:25 596

HALYQLINE.KZ

Индонезия ормандарының бірінде фотограф Анил Прабхакар ерекше сәтті суретке түсіріп алады. Орманда зерттеу жүргізіп жүрген геолог аяғы тайып, шалшыққа құлайды. Қасынан өтіп бара жатқан орангутанг оған қолын созып, көмектеспек болды.

Фотограф бұл суретке былай деп жазба қалдырады: «Адам ішіндегі адамгершілік өшіп бара жатқанда жануарлар бізге адамдықтың не екенін үйретеді…».

Кейде табиғат үнсіз күйде бір ғана сәтпен үлкен ой тастайды. Бұл көрініс адам баласына мәңгі өнеге болары хақ!

Ағабек  ҚОНАРБАЙҰЛЫ.

Әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: