«Әркім тазалық сақтауды өзінен, өзінің ауласынан бастаса, қоғамға пайдасын тигізеді. Көше мәдениеті де дұрыс қалыптасып, өлкеміздің өркениеті дами түседі. Негізі «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, есік алдына қарап, адамның қандай екенін білуге болады. Бағамдап қарасақ, соңғы жылдары кент пен ауылдарда абаттандырылған аулалардың қатары көбейген.
Бұл, әрине жыл сайын өткізіліп келе жатқан осындай игі шаралардың нәтижесі. Мұндай байқаулар ауданның тыныс-тіршілігін нығайтуға, санитарлық тазалығын жақсартуға үлкен септігін тигізеді. Өйткені әрбір тұрғын тұрғылықты жерін, көшесін таза ұстаса, қаламыз гүлденіп, көркейе түспек. Барлық Қызылорда халқын, жерімізді бірге көгалдандыруға атсалысуға шақырамын», – дейді «Үздік аула» байқауының қатысушысы «Ақмешіт» мөлтек ауданы №30 үй 71 пәтер тұрғыны Сарсаев Болат.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!