Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абай175: Қызылорда қалай тойлайды?

10.02.2020, 15:02 1036

Қызылордада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған шаралар Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Абай» спектаклімен басталмақ. Айталық, бұл спектакльдің маңызы мен мәні өте жоғары болғандықтан ай сайын өткізіледі деп жоспарлануда. Сыр елі ұлы ақынның 175 жылдығына орай қала тұрғындары мен қонақтарына көптеген тарту жасамақ.

Осы күні Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» тақырыбымен кеңейтілген тұрақты көрме ашылып, өз жұмысын жүргізуде.

– Облыс халқының Абай әлемімен жақын танысуына жағдай жасау, қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 21 ақпаннан бастап Семей қаласынан арнайы шақыртумен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің «Абай – дана, Абай – дара қазақта» көшпелі көрмесі 10 күн бойы C.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында ұйымдастырылады, – деп атап өтті облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова әкімдікте өткен жиында.

Сондай-ақ, Сыр елінде алғаш рет Ахмет Жұбанов, Латиф Хамидидің «Абай» операсынан үзінді қойылып, «Көзімнің қарасы» атты облыстық вокалистер конкурсы, «Ұлы дала ырғақтары» атты Абай әндеріне қойылған облыстық би байқауы, «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы», «Абай дара, Абай дана қазақта», «Әлемге танылған Абай», «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты кітап көрмелері мен әдеби кештері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Абайдың ән әлемі» атты концертін өткізу жоспарланып отыр.

Ұлы ақынның асыл мұрасын насихаттау, шығармашылығы арқылы жеткен ұлттық-танымдық тәрбиені жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында облыстағы барлық мәдениет, өнер және архив мекемелері белсенді атсалысып, түрлі форматтағы іс-шаралар мен жұмыстарды жүзеге асырады.

БАҚ өкілдері брифингте

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мәдени-танымдық шаралар:

  • – «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу шеберлері мен концерт жүргізушілердің облыстық конкурсы;
  • – «Қанат жайған руханият» атты көрме;
  • – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Қызылорда қаласындағы жылжымалы көрмесінің ашылуы;
  • – «Даналыққа құрмет, ерлікке тағзым» республикалық ақындар айтысы;
  • – Е.Төлеубайдың «Абай» драмасы;
  • – Абай оқулары;
  • – «Абай әлемі» кітап фестивалі;
  • – А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай» операсынан үзінді қою (концерттік нұсқасы);
  • – «Ұлы дала ырғақтары» атты Абай әндеріне қойылған облыстық би байқауы;
  • – «Көзімнің қарасы» атты облыстық вокалистер конкурсы;
  • – «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы», «Абай дара, Абай дана қазақта», «Әлемге танылған Абай», «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты кітап көрмелері мен әдеби кештері;
  • – Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Абайдың ән әлемі» атты концерті.
Пікірлер:
  • Игі бастамалар өз жалғасын тауып рухани жаңғыра беруіне тілектеспіз. Бір республикалық ақындар мүшәйрасын өткізу жоспарда жоқ болып тұр ма ? Және не үшін қалыс қалғанын кім айтып түсіндіреді ? Не үшін ақындар мүшәйрасы өту керек деп айтпайтын шығар ешкім енді….

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: