Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

09.02.2026, 15:30 57

Сот мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны 2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың сәуіріне дейін TikTok желісінде анонимді аккаунттар арқылы террористік сипаттағы материалдар таратқан. Ол жарияланымдары мен жеке хат-хабарларында зорлық-зомбылықты ақтап, радикалды идеологияны дәріптеген.

Прокуратураның нақтылауынша, сөз Қазақстан аумағында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы туралы болған. Сот ер адамды терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: