Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Абай әлемі” интеллектуалды білім сайысы

27.08.2025, 13:25 226

Қызылордада ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай қала мешіттерінің шәкірттері арасында «Абай әлемі» атты интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды.

Білім бәйгесі үш кезеңнен тұрды. Сайысқа қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына, «Абай жолы» роман-эпопеясына, өлеңдері мен қара сөздеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды.

Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығында өткен бұл додаға қалалық «Хазіреті Әбу Бәкір», «Сұлтан» мешіттері ұйытқы болды. Шараға аймақтың бас имамы Дастан Жанасұлы қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Үздік шыққан шәкірттер қаржылай сыйлықтармен марапатталды:
• I орын – Бақтиярұлы Бақдәулет («Құддыс ишан» мешіті) – 50 000 теңге
• II орын – Алтынбек Нұрәли («Хазіреті Әбу Бәкір» мешіті) – 30 000 теңге
• III орын – Жылқаев Асқар («Мырқы қажы» мешіті) – 20 000 теңге

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: