Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

85 жылдық: 1000-нан аса іс-шара ұйымдастырылған

29.11.2023, 10:10 201


Биыл қасиетті Сыр өңірі үшін қоғамдық-саяси маңызды жаңалықтарға толы жыл болды. Өйткені Қызылорда облысының құрылғанына – 85 жыл толса, қалаға – 205 жыл, ал бірқатар аудандар 95 жылдық мерейтойын тойлады. Сондай-ақ, осы жылы облыста 100-ге жуық жаңа нысан ашылып, 1000-нан астам әртүрлі бағыттағы шара өтті. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов жыл көлемінде ұйымдастырылған игі шаралар мен ауқымды жұмыстарды баяндады.

– Қызылорда облысының мерейлі 85 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. Соның ішінде осы жылы «Сыр елі» энциклопедиясы, «Сыр елінің тарихы» кітабы, «Қызылорда облысы: 1938-2023» кітап-альбомы әзірленіп, баспадан шығарылады. Одан бөлек, облыстың 85 жылдық тарихын айшықтайтын «Бұл – біздің Қызылорда» атты арнайы телесериал түсірілді. Бұл сериал жақын күндері халыққа таныстырылады. Өңіріміздің жағымды жаңалықтары мен айтулы мерекелерін ақпараттандыруда БАҚ өкілдерінің үлесі зор. Жалпы, облыстың медиа кеңістігінде 148 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның 120-сы – БАҚ, 26-сы – интернет-сайттар мен ақпараттық агенттіктер, 2-еуі – телеарна. Қазіргі таңда оның 61 пайызы тұрақты қызмет етеді. Әділет департаментінде 1057 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 400-ге жуығы өңірдің рухани-мәдени, қоғамдық өміріне белсенді араласып, өз үлестерін қосуда, – деді Шахмардан Асқарұлы.

Брифинг барысында облыс әкімі аппаратының басшысы жастарды қолдау аясындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуде атқарылған жұмыстарды тізбектеді. Оның айтуынша, биыл жастар саясатына бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Одан бөлек, жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау үшін 504 жастың өтінімі мақұлданып, іске асырылған. Осындай шаралардың нәтижесінде жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызға төмендеді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: