Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

–71ºC аязда адамдар жұмысқа барыпты

28.01.2020, 15:10 835

Саха Республикасындағы Оймякон аймағында қаңтардың 26-сына қараған түні сынап бағанасы –71ºC көрсеткен. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісінде @DedushkaFu есімді адам жария етті.

 Оймякон көшелерінен бірнеше сурет жариялаған желі қолданушы: «Мәссаған! Адам қай жерде болсын өмір сүре алады екен ғой» деп таңданысын жасыра алмаған.

Әзірге бұл ақпараттың растығын анықтау мүмкін болмай тұр. Бұған дейін Ресейдің Метеовести сайты Саха еліндегі Делянкир елді мекенінде қыстағы ең төменгі температура  –61,5ºC тіркелгенін хабарлаған еді. Жалпы, Оймякон жер бетіндегі адам тіршілік ететін әлемдегі ең суық мекен саналады. Бұған дейін Оймяконда ресми түрде тіркелген ең төменгі температура  –67,7ºC аяз болатын.   

Неге.кз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: