Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облысында 500-ден астам шетелдік азаматтың көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды. Олардың басым бөлігі ел аумағында құрылыс жұмысымен айналысып, нәпақа табуға келген. «Заңсыз келуші-2025» жедел-профилактикалық шарасы аясында 477 адам айыппұл арқалады.
Оның 385-і ТМД елдерінің, ал 92-сі алыс шетелден келген. Сот шешімімен 125 адам елден шығарылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!