Қытайдың мықты емшісі былай дейді. Адам 50 жастан асқаннан кейін үш нәрсені білу керек:
Біріншісі, өзіңді қуанта біл. Көңіл күйді өте жақсы ұстау керек. Ашуланбай, ренжімей, қуанып жүру дұрыс. Қалғанның бәрі – бос сөз.
Екіншісі, денсаулықты сақтау үшін өзіңді реніштерден, уайым-қайғыдан, күйзелістен босата біл. Теріс нәрсені ұмыту керек.
Үшіншісі, өзіңе қажет емес нәрселер қанша жақсы болса да оны тастаңыз. Олардан жиі тазарып отырыңыз. Ұнамайтын адамдарды өміріңнен шығарып тастаңыз. Ондай адамдар өміріңе еш пайда алып келмейді.
Адам күнде қуанышпен өмір сүруі керек. Өзім таңертең ұйқыдан тұрғанда, ең бірінші «бүгін мен не істесем қуанып жүремін?» деп соны ойлаймын.
Бәріміздің жанымызда негативті достарымыз болады. Біраз жетістікке жетсең, сені көре алмай аяқтан шалатын достар бар. Кейбір достарың саған шабыт әкелетін сөз айтпайды, күнде кері сөйлейді, олардың сөзін естісең, өмір сүргің келмей қалады. Осындай достардан айырылу керек.
Әлеуметтік желіден алынды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!