Қызылордалық полицейлер заңсыз кіріп, ашықтан-ашық пәтер тонаушысын ұстады.
2019 жылдың қазан айында түскі уақытта бетіне дәрігерлік маска киген белгісіз адам облыс тұрғынының үйіне заңсыз кiріп, ақшасы мен зергерлік бұйымдарын ашықтан-ашық тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 209 000 теңгені құрайды. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотты болған облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны, құрықталып, кінәсін толығымен мойындады.
Оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 191-бабымен (Тонау) сараланып, айыптау актісімен сотқа жолданды. Соттың үкімі негізінде айыпталушыға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!