Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

5 қазаннан бастап жаңа шектеулер енгізіледі

01.10.2020, 16:30 1015

HALYQLINE.KZ Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 5 қазаннан бастап енгізілетін жаңа шектеулерді мәлімдеді. Бұл туралы ол ОКҚ онлайн брифингінде айтты.

– Инфекцияның алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді қабылдады:

  • Басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтату;
  • Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу;
  • Түркияға рейс санын азайту.

Екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға мынадай талаптар қойылады:

  • термометрмен өлшеу;
  • анкета толтыру;
  • коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама (оның алынғанына үш күннен аспау керек).

Анықтама қағазы болмаған жағдайда азамат карантин стационарына екі күнге жатқызылады және COVID-19 анықтайтын лабораториялық талдау жасалады. Нәтижесі расталса, инфекциялық стационарға жатқызылады, – деді министр А.Цой.

Айта кетейік, ІІ санаттағы елдер қатарына Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Мажарстан, Австрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан елдері енгізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: