HALYQLINE.KZ Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Қызылорда облысының тұрғындарына жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша 44 825 қызмет көрсетілген. Оның ішінде ХҚО арқылы – 30 392, электронды түрде көрсетілгені – 14 433.
Естеріңізде болса, бұған дейін жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу тек нотариус арқылы жасалып келді. Бүгінгі күні бұл қызметті ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады.
Айта кетейік, ХҚО арқылы бұл қызметті алу үшін жылжымайтын мүлікке құқығын дәлелдейтін құжаттары мен жер учаскісіне құқығын куәләндыратын құжатты алып ХҚО-ға барып, тіркеу үшін төлемді төлеп, бекітілген нысанда өтініш (арыз) жазылады. Егер, меншік иесі болмаса сенім хатпен сенімді өкілі тапсырады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының
PR менеджері
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!