Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

42500 теңге қашаннан бастап беріледі?

14.07.2020, 16:48 728

Жаңадан берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемін тағайындау жұмыстары 20 шілдеде басталады. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

– Осы жолы да 42500 теңге әлеуметтік төлемінің операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры белгіленді. Өйткені біз осы қордың қаржылық жағдайы туралы «қазір шектеуі, қиын« деп айтқанбыз. Дегенмен, бүгін шешім қабылданды. Сондықтан Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы бір аптаның ішінде сол әлеуметтік қордың қаржылық мәселесін шешуі тиіс. Осы уақытта біз өзіміздің ақпараттық жүйемізді, порталдарымызды сол ережеге сәйкестендіріп, тестілеуден өткіземіз. Аянбай жұмыс істейміз. Жоспарымызға сәйкес, алдағы жұма күні порталдар өтініштерді қабылдауға дайын болады. Ал дүйсенбі күннен бастап, яғни 20 шілдеден төлемдерді тағайындауға кіріспекпіз. Сондықтан осы жұмаға дейін электронды Үкіметке және басқа жерлерге өтініш беріп әуре болмаңыздар, – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: