Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

350 км/сағ жылдамдықпен жүретін пойыз Қазақстанда бола ма?

18.09.2025, 12:30 147

HALYQLINE.KZ

Қытай мен Жапониядағы пойыздардың көбі 350 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Мұндай пойыздар бізге келе ме? Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» компаниясының жетекшісі Әнуар Ахметжанов мәлімдеді.

«Қытаймен салыстырсақ, бізде ондай көп жолаушы жоқ. Мұндай жылдам жүретін пойыздарға жеке жол салу керек. Астана мен Алматы арасына осындай жол төсеуге 10 млрд доллар керек. Жол салып алып, күніне 3-4 мың жолаушы тасымалдасақ, билет бағасы өте қымбат болады», деді.

Демек Қазақстанда қазір мұндай супер жылдам пойыз болмайды.

Негізі «Тальго» пойызының жылдамдығы 250 км/сағат. Бірақ біздің жолдар жарамайды. Себебі жүк пойыздары мен жолаушылар пойызы қатар жүретін жолда жылдамдық арттыру қауіпті. Сондықтан «Тальго» 140 км/сағат жылдамдықпен ғана жүре алады.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: