Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Газ тарататын мекемелерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

26.03.2021, 17:30 405

HALYQLINE.KZ  Облыста арнайы газ инспекциясы құрылып, жұмыс істеуде. Бұл өңірдегі өрт пен газдан туындайтын апатты жағдайлардың алдын алуға көмектесетін негізгі күшке айналмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бақтияр Тұрманов мәлімдеді.

– Біз осы тілсіз жаудың алдын алу мақсатында бірқатар ауқымды шараларды қолға алдық. Мәселен, бүгінде газ құю станцияларының барлығына рұқсат беретін облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен қосылып жұмыс істеп жатырмыз. 19 наурыз күні газ құю станцияларының басышылары және «Қаз Транс Газ Аймақ» қызметкерлерін қатыстырып дөңгелек үстел өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бұдан бөлек, жылу маусымы басталғалы ТЖД саласының еріктілерін қатыстырып әр аптаның сенбі күні өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеміз, – деді Бақтияр Маханбетжанұлы.

Айта кетейік, биыл жыл басынан бері облыста 99 өрт оқиғасы болған. Онда 9 адам қаза болып, 9 адам жарақаттанды. Ал өткен Наурыз мейрамы мерекесін тойлау кезінде (20-24 наурыз аралығы) облыс бойынша 6 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт оқиғалардың барлығы тұрғын үй секторында болған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: