HALYQLINE.KZ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы барлық оқушылар Мемлекеттік тілде білім алу керектігін жеткізді.
Бұл туралы ол «Азаттық рухы» ютуб каналына берген сұхбаты барысында айтты.
Аймағамбетов ата-аналарды балаларын мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге беруге шақырды. Оның айтуынша, қазір қазақ тілінде оқытатын мектептер бәсекеге қабілетті, бұған ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары көрсеткіштер дәлел.
– Біз үшін ең маңызды міндеттердің бірі – мемлекеттік тілде оқытуды басым ету. Мұнда ешқандай пікірталас болмауы керек, өйткені ол Мемлекеттік тіл, сондықтан біздің еліміздің азаматтары мемлекеттік тілде оқытылуы керек, – деді Асхат Аймағамбетов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!