«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 2025 жылғы 28 наурыз күні Облыстық жастар ресурстық орталығында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараға Қызылорда облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж.Дәулетбаева қатысып, аймақтағы жұмыссыз азаматтарды қолдау және еңбек нарығын дамыту мәселелеріне назар аударды.
Іс-шараға жергілікті жұмыс берушілер, жұмыссыз азаматтар мен оқу орындарының түлектері қатысты. Жәрмеңкеге 24 жұмыс беруші қатысып, жұмыс іздеушілерге 240-қа жуық жұмыс орындарын ұсынды. Қатысушыларға кәсіптік бағдар беріліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсету және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту мүмкіндіктері таныстырылды.
Сондай-ақ, жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруы бағытындағы жұмыстарды арттыру және жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Реал Строй Снаб ЖШС», «Інжу-Маржан» ЖК, «Керім -сұлу Qyzylorda» ЖК арасында ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.
Жыл көлемінде жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға, жастарды кәсіптік білім алуға ынталандыруға және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бұдан да өзге бірқатар іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!