Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

17 маусымда демалмайтын болдық

07.06.2024, 14:50 386

HALYQLINE.KZ

Биыл 16 маусым Құрбан айт мерекесінің бірінші күні деп белгіленді. Мұндай шешімді ҚМДБ қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басқарманың мәлімдемесіне сәйкес, ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

«Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-ында айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне 17 маусым жұмыс күні болатынын хабарлады.

«Құрбан айттың бірінші күні мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтіледі. ҚМДБ бұл күн 16 маусым, жексенбі деп жариялады, яғни онсыз да демалыс күні. Сондықтан демалыс басқа күнге ауыстырылмайды», – деп хабарлады ведомстводан. Фото: muftyat.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: