Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Игі істер уақыты басталды

03.02.2020, 11:29 773

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Еріктілер жылы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында #Игіістеруақыты бастамасының бастау алуын хабарлады.

А.Жаилғанова еріктілер қозғалысын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік қызметшілерді оған белсенді қатысуға шақырды.

«Биылғы жыл, өздеріңізге белгілі «Еріктілер жылы» деп Президентіміз бастама жасады. Былтырғы жыл «Жастар жылы» болса, биыл – «Еріктілер жылы». Ендеше, біздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігі де осыған атсалысайын деп жатыр. Мысалы, бүгін біз қар тазалауға шықтық, өзіміздің көмегімізді көрсеткіміз келеді. Осы қаламыздың таза болуы үшін, парктың таза болуы үшін. Адамдарға осы парктың ішінде демалып жүруге, серуендеуге жағдай жасау үшін. Жалпы, еріктілерге келетін болсақ, ол – бүкіл дүниежүзінде тараған жағдай. Біз бүкіл Агенттігімізбен атсалысайық деп шешім қабылдадық.

Дүниежүзінде, тіпті өте үлкен компанияларға жұмысқа тұру кезінде еріктілер ретінде қызмет істеген бе, істемеген бе соған да байланысты. Яғни, ол әрбір адамның, сол кандидаттың адами қасиеттерін білдіреді, оның көпшілдігін, оның адамға деген жанашырлығын, бауырмалдығын, адамға ешқандай ақысыз енбегін көрсету сияқты. Біздің Агенттік осы жылдың аяғына дейін әр апта сайын халыққа, қоғамға жақсы әсерін тигізетін бір істер істейтін болады. Сондықтан осы жылды тек ғана «Еріктілер жылы» емес, игі істер уақыты деп санаймыз. Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілерді бізді қолдауды сұраймын. Егер де біз барлығымыз атсалысатын болсақ, біз үлкен күшпіз және үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын», – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

Жұмыс барысы

Жеңіс пен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан «Ақжайық» саябағы бір жарым гектарды алып жатыр. Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған саябақты Астана қаласының 20 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы салған. Биыл – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы. Сондықтан қар жинау орнын таңдау кездейсоқ емес. Қала тұрғындары ағымдағы қыста қар құрсауында қалған саябақтың жүгіру алаңын белсенді пайдаланады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері қала тұрғындарына саябақ аумағын кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін барлық периметрі бойынша жүгіру алаңын қардан тазалады.

Бұдан бұрын, Агенттіктің елордалық департаментінің қызметкерлері толассыз жауған қардан кейін жеке секторда тұратын жалғызбасты қарт адамдарға қарды тазалауға көмектесті. Сол кезде ұжымның әйелдер қауымы таңертеңнен күн райының қолайсыздығына қарсы күреске шыққан коммуналдық қызмет қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

ҚР МҚІА баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: