Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақылар ұлғаяды​

29.06.2023, 16:55 227

HALYQLINE.KZ 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енеді. Оны ТМД елдерінің тәжірибесіне енгізілетін алғашқы бірыңғай әлеуметтік құжат деп атауға болады.​

Жаңа Кодекстің негізгі мақсаты – халықтың түсінуіне жағдай жасау үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатқа топтастыру. Бүгінгі таңда әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты 17 заңнама бар. Осы заңнаманың барлық ережелері біріктіріліп, Кодекспен қамтылатын болады.​

Кодекс адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды. Атап айтқанда, туғаннан кәмелетке толғанға дейін әлеуметтік қолдау, еңбекке жарамды жаста жұмысқа орналастыру, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру шаралары, қиын өмірлік жағдайда әлеуметтік көмек көрсету, кәрілік кезіндегі қолдау бір құжатпен реттеледі.​

Кодекске сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік төлемдерінің мөлшерін ұлғайту бойынша шаралар көзделген:

1) зейнетақы төлемдерінің мөлшерін мүгедектігіне байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы мөлшелерінің деңгейіне теңестірілген;

2) «Алтын алқа» алқасымен марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға төленетін жәрдемақы;

3) мүгедектерге берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

4) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

5) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;

6) 1-ші топтағы мүгедектерді күтетін адамға берілетін жәрдемақы;

7) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

8) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем;

9) асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем;

10) № 1, 2 тізім бойынша жәрдемақы алушылар, зейнетақы төлемдерін алушылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар қайтыс болғанда жерлеуге берілетін жәрдемақы.​

Мүгедектерге және мүгедек балаларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы орта есеппен 14,6%-ға ұлғайтылады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – 14%-ға, жетім балаларға – 28%-ға өседі.

Мүгедектерге арнайы көмек көрсету – 14,6%-ға, наградталған аналар – 15,6%-ға. мүгедек баланы тәрбиелеуге және 1-топтағы мүгедектерге күтім жасауға жәрдемақы – 15%-ға, зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға жерлеу жәрдемақысы – 122%-ға ұлғаяды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: