Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеңістің 80 жылдығы қалай тойланады?

12.02.2025, 16:10 48

HALYQLINE.KZ

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Мәжілістің кулуарында Жеңістің 80 жылдығына дайындық қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады abai.kz.

Оның сөзінше, Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен жылдың екінші жартысынан бастап Үкімет кешенді жоспар әзірлеген. Жоспарға қаңтардан желтоқсанға дейін көптеген іс-шара енгізілген.

Ең маңызды іс-шара – 7 мамыр күні өтетін әсери шеру. Әскери шеру үш кезеңнен тұрады. Олар: Бірінші кезең – тарихи. Екінші кезең – заманауи. Үшінші кезең – әуе шеруі.

«Барлықтарыңызды шеруге шақырамын. Жаңа әскери техника шеруде көрсетіледі», – деді ол.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: