25 қазан – Республика күні қарсаңында қала әкімі Нұржан Ахатов қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматты қаланың ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасымен, мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімінің және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Қабылдауда шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы үлгілі мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының алғысын жеткізді.
«Республика күнінің қазіргі өскелең ұрпақ үшін маңызы жоғары. Алдыңғы буын аға-әпкелеріміздің егеменді ел болуға ұмтылған ерен ерліктері, бүгінгі күні жастардың жарқын істерімен, жалынды бастамаларымен жалғасын табуда. Алдағы уақытта да қаламыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуы, қоғамдық саяси өмірінің өркендеуі жолында мәртебелі міндеттеріңізді абыроймен атқара береді деген сенімдемін», – деді Нұржан Сәбитұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!