Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығы:
1. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз мемлекет және қоғам қайраткері Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлына тапсырылсын;
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Семей қаласы, «№7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицей» КММ мұғалімі Шүкежанова Алма Сайдахметқызына тапсырылсын;
3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Қызылорда облысы, «Таң ЛТД» ЖШС директоры Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлына тапсырылсын.

Сурет ашық дерекөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!