Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Qyzylorda» телеарнасы «Тұмар» тақты

29.06.2024, 10:50 347

HALYQLINE.KZ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде сырбойылық шығармашылық өкілдері тағы бір қуанышқа кенелді.

Кеше, 28 маусым күні Астана қаласында өткен «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінде облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Құдайы қонақ» бағдарламасы жүлде иеленді. Бағдарлама «Үздік әлеуметтік жоба» аталымы бойынша «Тұмар» жүлдесіне лайық деп танылды.

Шығармашылық ұжымды құттықтауында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев: «Кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы анықталатын үздіктер қатарында «Qyzylorda» телеарнасының болуы – өңір журналистикасының жарқын жетістігі.

Ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігін көрсету, мемлекет тарапынан жасалған қолдауды насихаттауды көздейтін бағдарламаның басқалардан озық шығуы – шығармашылық ұжымның ерен еңбегі» деп жазды әлеуметтік желіде.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: