Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құтты мекен – Қуаңдария

28.10.2024, 12:00 164

HALYQLINE.KZ

Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шараларға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аудан басшысы мерейлі мерейтойға жиылған жұртшылықты ауылдың тарихи 60 жылдық белесімен құттықтап, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа мерекелік медальдар мен алғыс хаттар табыстап, құрмет көрсетті.

Іс-шара аясында еңбек ардагері Шегебай Құндақбаевтың «Шалғасқаттан Қуаңдарияға дейін» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Мерейтойға арнайы шақырылған қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов, Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов және аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Мерекелік іс-шаралар әрі қарай ат бәйгесі мен ұлттық спорттық ойындармен жалғасты.

Айта кетейік, екі күнге созылған мерейтой аясында «Құтты мекен – Қуаңдария» тарихи мұражайының ашылуы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіраш Өмірбаевтың 100 жылдығына арналған «Өткенге құрмет – ұрпаққа өнеге» атты тағылымдық кеш және облыстық филармония өнерпаздарының, эстрада әншілерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: