Бүгін Қызылорда қаласы әкімі Нұржан Ахатов өңір экономикасы мен әлеуметтік өмірінің дамуына қомақты үлес қосқан, елді іргелі істерге жұмылдырған, өзінің азаматтық тұлғасымен, кісілік келбетімен танылған Мұхамедәли Мырзақожаұлын 80 жас және Барлыбай Тоқсанбайұлын 75 жас мерейтойларымен құттықтады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сіздерді өзімнің және қала тұрғындары атынан мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Біріңіз өнер мен мәдениет, біріңіз мұнай-газ саласында еңбек етіп, Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан, ел үшін туған елжанды жандар ретінде Өздеріңізді ерекше бағалаймыз. Өйткені бүгінгідей биік тұғырға ерен еңбекпен, ел құрметімен жеттіңіздер», – деді Нұржан Сәбитұлы.
Құрметті кездесуде аймақтың дамуына қосқан ерекше үлесі үшін мерейтой иелеріне қаланың ең жоғары марапаты – Қызылорда қаласының Құрмет грамотасы табысталып, иықтарына зерлі шапан жапты.
Мерейтой иелерін облыстық және қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары Серік Дүйсенбаев, Шахизат Төребаев, еңбек ардагерлері Бақыт Нұртазаев, Қабдеш Шағыров, Мұрат Нұғыманов құттықтап, бүгінгі құрмет қаланың аға буын өкілдеріне ортақ абырой екенін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!