Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қадағалаушы органда Республика күні аталып өтті

22.10.2022, 17:05 542

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облыстық прокуратурасында 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Жиынға басшылық құрамнан бастап, әкімшілік қызметкерлерге дейін түгел қатысып, ұлттық мерекеге орай қадағалаушы органның тарихы, бүгіні мен болашағы және және уақыт талабына сай жетілдірілген электронды қызметі туралы мағлұмат беретін Бас Прокуратурамен дайындалған арнайы бейнероликті тамашалады.

Республика күніне арналған салтанатты жиында Бас прокурордың бұйрығымен Қазалы ауданының прокуроры Елтай Дарын Әбішұлына аға әділет кеңесшісі кезекті сыныптық шені тапсырылды.

Сонымен қатар Қызылорда облыстық прокуратура органдарына жаңадан қабылданған әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Биылдан бастап ұлттық мәртебесін алған Республика күні мерекесінің еліміз үшін маңызы өте зор.

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің «Мемлекеттік егемендік туралы» декларацияны қабылдады. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени және оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды.

Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: