Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция қызметкерлерін құттықтады

22.06.2021, 15:30 1092

HALYQLINE.KZ Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Шамшидин Амитовтың қатысуымен БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті.

23 маусымда қос бірдей кәсіби мереке – Қазақстан полициясы мен Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі.

Осы күні егеменді елімізде Қазақстан полициясының ірге тасын қалаған ардагерлерге құрмет көрсетіп, тыныштық пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда жан қиған әріптестерін еске алады.

1985-1997 жылдары Қызылорда облысының ішкі істер басқармасын милиция генерал-майоры Демесінов Есен Демесінұлы 13 жылға жуық басқарды. Есен Демесінов – облысқа ғана емес барша республикаға белгілі тұлға. Сыр еліне еңбегі сіңген ардагерімізге Қызылордада көше атауы берілді.

Қызмет атқару кезінде Қызылорда қаласын «квадратқа» бөліп, әр квадратқа қызметкерлерді бекітіп, сол аумақтың қоғамдық тәртібі мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді енгізген.

Қызметкерлердің күнделікті дене шынықтыруымен айналысуы үшін, «Динамо» спорт кешенінің салынуына ат салысып, 1993 жылы пайдалануға берілген.

Қызылорда облысының Ішкі істер басқармасын полиция полковнигі Рахимов Тастемір Сауранбайұлы, полиция генерал-майоры Әміров Мұхаран Серікұлы басқарса, орынбасары лауазымын Көпенова Бахыт, Алпысбаев Ғазымбек, Ахметов Ғалымжан, Мұхтаров Сабыр, Тұңғышбай Серікбол, Байкенжиев Қасымбек, Отарбаев Ғанибек, Раимбеков Бекбай, Әбенов Қанат, Стықбаев Талғат, Қауленов Шанжархан, Шаймағамбетов Әмірбек, Шохатаев Махмудин, Оспанов Жарас, Нәлібаев Пазылбек және басқарманың бөліністерін Жәлімбетов Алдан, Сәрсембаев Исламғали, Салединов Рефат, Қоразбаев Хусайын, Қожанов Қалабай, Мұсабаев Тастайбек, Қасенова Раиса, Жартенова Әлия, Балмағанбетова Алтын, Көптілеуова Жанат, Мұхтаров Мұрат, Анафина Рая, Утеев Кемаладин, Алдамжаров Нұрлан, Даулетбай Қанат, Асылбаев Орынбек, Бұрханов Талғат, Әденова Фарида, Байбосынов Нұрлан, Бекбауов Садық, Құдайбергенова Лаура әр кездерде басқарған.

Тәуелсіздік жылдары қызметтік міндеттерін атқару кезінде Полиция департаментінің 5 қызметкері қаза тапқан.

Бейбіт уақытта халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткен милиция капитаны Әбішев Кеңесбек Махметханұлы, милиция лейтенанты Бектұрсынов Есен Бақтиярұлы, милиция сержанты Қалеков Қайрат Шаразадинұлы, милиция сержанты Сансызбаев Оразбек Шәкірұлы «Ерлігі үшін» медалімен, ал полиция лейтенанты Қозыбаев Талғат Есентайұлы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Осы жасаған өшпес ерліктері мен батырлықтары халықтың есінде мәңгі сақталады.

Ішкі істер басқармасының ауласына 1985 жылы «Қызмет бабында қаза тапқан сақшыларға арналған» және 2015 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан ішкі істер органдарының ардагерлеріне арналған ескерткіш-монументтері қойылды.

Бүгінде еңбек жолын ішкі істер органдарына арнап, бірнеше жас буынды тәрбиелеген ардақты ардагерлер: Сағымбаев Алтыбай, Пейсов Мылтықбай, Жұматаев Шади, Сүлейменов Қаппар, Сәрсенбаев Әбдеш, Өтешев Айтбай, Айекенов Сәдібек, Имандиев Әнуар, Бержанов Махамбет, Әлиев Төлеш, Анафин Кеңесбек, Бұрханов Темір, Жартенов Қаржайбай, Досмайлов Қанжар, Мұхтаров Абдулла, Әшірбеков Қазыбек, Есмағамбетов Серікбол, Алдоңғаров Бақытжан, Тәжіғұлов Сәбит, Омарова Гаухар, Жұбатқанова Палымкүл, Жүсіпов Рашид, Сыздықов Куанышбек және Ибадуллаев Нұрсұлтан және басқа да аға-апаларға алғыс айтылады.

Сонымен қатар, полиция қатарында ерлермен бірге погон таққан 211 әйел (штат бойынша – 2198) қызметкер, оның ішінде 6-уы басшы лауазымында қызмет атқарады. Олар Жусупова Салтанат, Айдарова Зульфия, Шайменова Сауле, Альменова Ақмарал, Бесбаева Ақтолқын, Пржанова Әйгерім, Байоразова Айгүл, Салходжинова Сәуле, Ахметова Бахыткүл, Самратова Бақыткүл, Жамурова Лаура, Туысбаева Ләйлә, Тоқмамбет Ранай және басқа да апа-қарындастарымыз ел тыныштығы, тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

2005 жылдың 10 мамырында Ішкі істер министрінің №273 бұйрығымен Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті болып қайта құрылды.

2011 жылы Арал ауданы ішкі істер бөлімінің және 2019 жылы Жалағаш ауданы ішкі істер бөлімінің жаңа әкімшілік ғимараттарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының «Жұртқа жақын полиция» Қағидатын орындау аясында тиісті жұмыстары жасалуда. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес, тұрғындарды қауіп-қатерден қорғау үшін Полиция департаментінің материалдық-техникалық жағдайының жақсаруына жергілікті атқарушы органдарының көмегі зор болды.

Қолдау көрсеткен облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы орган басшыларына алғыс айтылады.

Ішкі істер министрлігінің бастауымен ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы қабылданып, оның шеңберінде қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы да едәуір жақсарды, жалақысы көбейді, тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы алатын қызметкерлердің тізімі артты. Сол себептен полиция қызметкерлері антына адал, еліне адал қызмет атқаруы тиіс.

«Құрметті ардагерлер, әріптестер барлығыңызды Полиция департаменті басшылығының атынан «Қазақсан Полиция күні мен Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, халқымыздың бейбітшілігі мен тыныштығы, Қазақстанды өркендету жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, шаңырағымыз ырыс-несібеге толсын!», – деп атап өтті Шамшадин Амитов.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: