Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мерейтой иесіне құрмет көрсетті

16.07.2025, 18:10 189

HALYQLINE.KZ

Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимов ауыл шаруашылығы саласының ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «Жалағаш ауданының Құрметті азаматы» Байна Наршаевты 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп жазады баспасөз қызметі.

Аудан әкімі мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, сән-салтанатына сай иығына шапан жапты.

«Ел мүддесін бәрінен биік қойған, кейінгі ұрпаққа өнеге бола білген алдыңғы буын ағаларымыздың орны ерекше. Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз – кейінгі буын үшін үлкен мектеп. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіңіз зор. Сізді барша аудан жұртшылығы атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын», — деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Байна Наршаұлы 1940 жылы Жалағаш ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын жүргізуші болып бастап, кейін «Коммунизм» совхозында завгар, Ақсу совхозында бас инженер қызметтерін атқарды. Зейнетке шыққанға дейін ауыл шаруашылығы саласында қажырлы еңбек етті.

Сонымен бірге, жиында аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тәуіпбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Қожатай Құлмахан мерейтой иесін құттықтап, еңбегі мен адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: