Осы жылдың қыркүйек айының 6-9-ы күндері аралығында Ақмола облысы Көкшетау қаласында өткен «Парасатты полицей» республикалық байқауында жүлделі бірінші орынға ие болған «Айбын» командасын Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығы, полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев қабылдап, жеңіс тұғырынан көрінген қызметкерлерді құттықтады.
Екі кезеңнен тұратын байқауға 17 команда қатысып, бақтарын сынады.
Байқау қортындысымен бірінші орынды Қызылорда облысы Полиция департаментінің «Айбын» командасы жеңіп алды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен ішкі істер органдарындағы мемлекеттік тілдің рөлін дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ «Тілдер мерекесіне» орай Департаменттің қызметкерлері, полиция майоры Соболев Виталий, полиция майоры Федорук Владимир, полиция капитаны Тен Альфараби «Грамотамен» және «Алғыс хатпен» марапатталды.
Қызылорда облысы Полиция Департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев республикалық деңгейде Қызылорда облысының намысын қорғап жүрген қызметкерлердің отбасына бақыт, жұмысына толағай табыстар тіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!