Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асқар Жұмаділдаевқа кәсіпкер автокөлік сыйға тартты

25.02.2026, 16:05 42

Бұл туралы кәсіпкер Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айтулы дата аясында кәсіпкер Жәнібек Жанықұлов ғалымға Hyundai Palisade автокөлігін сыйға берген.

Бұл математик Асқар Серқұлұлының 70 жасына орай тосынсый ретінде жасалып отыр.

– Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай Жәнібек Жанықұлов ағамыз ерекше тосын сый жасап, ағамызға Hyundai Palisade автокөлігін мінгізді.

Ағамызды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, ұзақ ғұмыр, тілейміз! – деп жазды Сырымбек Тау.

Осылайша, Асқар Жұмаділдаевтың 70 жас мерейтойына орай ерекше құрмет көрсетіліп отыр. Қазақстанда дәл осындай көліктің бағасы 30 миллион теңге тұрады.

Фото: видеодан скрин/ЖИ негізінде өңделді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: