Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алтын күз – 2024»: сала үздіктері марапатталды

21.10.2024, 16:35 133

HALYQLINE.KZ

Шиелі ауданының орталық стадионында ертеректегі «Қызыл Ту», қазіргі Ыбырай Жақаев ауылының 95 жылдық мерейтойы мен Жақаевшылар қозғалысының 60 жылдық және ата басылым «Өскен өңір» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай «Алтын күз – 2024» мерекелік марапаттау іс-шарасы өтті.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері Сауытбек Абдрахманов, Ақайдар Ысымұлы, Алтыншаш Жағанова, Мұрат Бақтиярұлы, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Серік Дүйсенбаев сынды зиялы қауым өкілдері қатысты.

Іс-шараның алғы сөзін алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Шиелі жұртшылығын тоқшылық мерекесімен және қатар тойланып жатқан мерейтойлармен құттықтады. Әрі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың ыстық ықыласы жазылған құттықтауды табыс етті.

Келесі кезекте, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауданның ауыл шаруашылығы саласында жеткен үлкен жетістіктерге, дала еңбеккерлерінің еңбегіне тоқталды.

Мұнан соң, іс-шара марапаттау рәсіміне жалғасып, сала үздіктері түрлі номинациялармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік еңбек адамдарына автокөлік, пәтер кілттері табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: