Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адалдықтың үлгісі болған полицей

04.09.2024, 12:00 149

Елімізде тұрақты әрі қауіпсіз қоғам құруда полиция қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Түнгі ауысымға шығу, әрдайым байланыста болу, жұмыс кестесінің ауырлығы, өміріңді қатерге тігу – сақшы өмірінің ажырамас бөлігі.
Соған қарамастан қызығы мен шыжығы мол мамандықты таңдаушылардың қатары сиреген емес. Адамдар қандай да бір қауіпті жағдайға ұшырап қалса, құзырлы органдарға хабарласып, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.

Тәртіп сақшыларының жұмыс күні телефонның шырылы мен рацияның үнінен басталады. Толассыз түсіп жатқан коңыраулар мен рациядан келген хабарлар полицияның жұмысы оңай емес екенін ұқтырады. Тізе берсең көбейе беретін олардың бір тәуліктегі жұмысының жауапкершілігін бірі білсе, бірі білмейді.

Бүгінгі жарияланым өз ісіне мығым, қызметіне аса жауапкершілікпен қарайтын Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Усентаев Асхат Аманкелдіұлы жайлы болмақ.

Асхат Аманкелдіұлы ішкі істер органдарындағы қызметін 2008 жылдың шілде айынан бөлімнің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторынан бастап, 2015 жылы бөлімнің кезекші бөлімшесінің инспекторы кезекшісі, 2020 жылы аға инспекторы кезекшісі қызметтерін атқарып, қазіргі лауазымында 2022 жылдың мамыр айынан бастап абыройлы қызмет жасап келеді.

Ол әркез үлкенге ізеттілік, кішіге қамқорлық көрсететін жандандардың қатарында. Ұжымда беделді, бөлімнің қоғамдық жұмыстарында белсенділік танытып, жас қызметкерлерлерге бағыт – бағдар беруден еш жалықпайды. Асхат Аманкелдіұлы қызметте жауапкершілігі мол, ізденімпаз, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер болса, отбасында үлгілі көпбалалы әке, жұбайы Унгарова Закира Ибраевна екеуі – алты бала тәрбиелеп отырған өнегелі отағасы.

Асхат Аманкелдіұлы қызметін адал атқарып, уақытпен санаспай, жоғары көрсеткіштерге ие болғаны үшін 30 тамыз – «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесіне орай ҚР ІІМ-нің бұйрығымен «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Мұны салада атқарған көп еңбегінің тағы бір нәтижесі деп айтуға болады.

– Бұл марапат маған емес, бекітілген учаскелік аймақта күндіз-түні көз ілмей, тәулік бойы қоғамдық тыныштықты сақтау, қылмысты болдырмау және алдын алу бағытында жұмыс атқаратын әріптестерімнің марапаты деп қабылдаймын. Еңбегімнің еленгені мен үшін қуаныш, зор мәртебе, – дейді полицей.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: