Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жердің жекеге де сатылуына қарсымын!

23.04.2021, 11:00 588

HALYQLINE.KZ Жер реформасы бойынша құрылған комиссияның мүшесімін. Бірақ қатты сырқаттанып қалуыма байланысты комиссия отырыстарына қатысуға еш мүмкіндігім болмады. Комиссия ауқымды жұмыс істеп жатқанынан хабардармын. Жерге қатысты қоғамда алуан түрлі пікірлер барын да білемін. Оны таразылап нақты бір байламға келтіру комиссия үшін оңай шаруа емес екенін де түсінемін.

2016 жылы жерді шетелдіктерге сату мен жалға беруге қатысты заңға сенатор Қуаныш Айтахановпен бірге қарсы болғанбыз. Дауысымыз естілмеді. Президентімізге көп-көп рақмет, бұл мәселені түбегейлі шешіп берді.

Ендігі үлкен алаңдаушылық тудыратын жайт – жерді өз азаматтарымызға жеке меншікке сату, сатпау мәселесі. Көптеген мемлекеттерде жерді нарықтық тауар ретінде қарап жеке меншікке сатып жатады. Біздегі жағдай мүлдем бөлек. Ғасырлар бойы халқымыз жерді товар ретінде емес оны Анаға тиеп, Жер АНА деп қастерлеп келді. Сондықтан да осы елдің азаматы мен комиссия мүшесі, сенатор ретінде жердің өз азаматтарымызға да сатылуына қарсымын. Бұл – менің азаматтық ұстанымым.

Ұлтымыздың жартысынан астамы орта тапқа айналмайынша бұл мәселені қозғамауымыз керек. Келер ұрпақтың үлесіне қалдырайық. Қазіргі кезде жердің иесі тек мемлекет болуы тиіс. Жерді пайдаланам деген азаматтарға тек жалға ғана беруге кедергісіз барлық мүмкіндіктер жасалу қажет.

Мұрат Бақтиярұлы,

сенатор

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: