Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Солтүстік Қазақстанда көктемгі тасқын қаупі күшейіп отыр

26.02.2026, 9:30 162

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден аса елді мекенге су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Есіл, Шағалалы, Селеті, Қамысақты өзендері мен олардың салалары тасуы мүмкін. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Әсет Шайкиннің айтуынша, өңірдегі 38 елді мекен өзендерге жақын орналасқан.

«Өзендер деңгейі көтерілген жағдайда 12 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін. Ал 62 елді мекен еріген қар суы ағатын бағытта орналасқан», деді Әсет Шайкин.

ТЖД мамандарының болжамынша, ауа температурасы күрт көтерілсе, өзен-көлдердегі су деңгейі қауіпті межеге жетуі ықтимал. Сонымен қатар, ақпан мен наурыз айларында қосымша қар жаууы жағдайды күрделендіруі мүмкін.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы көктемде еліміздің бірнеше өңірінде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында да су тасқыны тіркеліп, бірқатар елді мекен зардап шеккен еді.

Фото: Тіл кеспек жоқ арнасынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: