Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада өңірлік дамудың өзекті мәселелері талқыланды

14.10.2025, 10:50 155

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру барысы қаралды.

Сонымен қатар, партияның 2023–2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының облыста орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған Жол картасындағы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға қатысты шаралар сөз болды. Бұл – халық көтерген негізгі әлеуметтік мәселенің бірі.

Сайлау науқаны кезінде облыс тұрғындарынан түскен ұсыныстар мен өтініштердің орындалу деңгейі де отырыс барысында кеңінен талқыланды.

Жиында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Құлмырзаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетов және партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің кеңесшісі Қанат Ақылбеков баяндама жасады.

Кеңес мүшелері барлық бағыт бойынша ұсынылған ақпараттарды саралап, атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіру жөнінде бірқатар нақты ұсыныстар білдірді. Жиын қорытындысында айтылған пікірлер хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелер мен жауапты тұлғаларға жолданатын болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: