Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда неге аутсайдер өңірге айналды?

04.02.2021, 13:00 579

Қазір қай салада болмасын рейтингке аса қатты мән береді. Әсіресе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне ай сайын талдау жүргізіліп отырады. Әрине, статистикалық бюролардың сандық «рекордына» қарап, өңірлердің жұмысына түбегейлі баға беруге де болмайды. Қаңтар айында Қаржы министрі Е.Жамаубаев Үкімет отырысында мемлекеттік бюджетке трансферттерді есепке алмағанда, 9 трлн 751 мың теңге көлемінде кіріс түскендігін мәлімдеді. Жылдық есеп бойынша бөлінген қаражатты игермеу мәселесі – жылда орын алатын жайт. Бас қаржыгер Е.Жамаубаевтың мәліметінше, өткен жылдың еншісінде 15 млрд теңге игерусіз қалған. Ал өңірлерге келсек, барлық аймақтар бойынша 13 млрд теңге тиісті қазан­дығын таба алмаған. Ең көп сомамен көзге түскендердің қатарында Алматы қаласы, Павлодар, Ақмола және Қызылорда облыстары бар.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аймақтардың экономикалық, әлеуметтік, өзге де салалардағы рейтингін саралаған. 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланы қосқанда 17 өңірдің жұмысы сарапталды. Өңірлердің мемлекеттік бюджетке құйған кірісі, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, ауыл шаруашылығындағы табыс, инвестиция және өңдеу өнеркәсібі бағыттары бойынша атқарған жұмысына мән берілген.

Аймақтарда атқарылған шаруа демекші, соңғы уақытта Қызылорда облысының көрсеткішіне қатысты түрлі пікірлер мен сындар айтылып жүр. Шыны керек, өнеркәсіп өндірісі бойынша ашылған өндіріс орындарының «ғұмыры» баянды болмай, жабылып қалуы да оң бағаға ие емес. Сиырқұйымшақтанып кеткен шыны зауытының жыры, мұнай өнімінің сарқылуы, ауыл шаруашылығы саласындағы қиындықтар, инвестиция тартудағы белсенділіктің жоқтығы секілді бірнеше тар жолақты факторлар Алаштың анасы атанған аймақтың алдыңғы қатардан көрінуіне кедер­гі келтіруде. Соның салдарынан болар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда өкінішке қарай аутсайдер өңір атанды. Дегенмен, бұл аймақ ахуалы кері кетіп барады деген сөз емес. Бұған дейінгі істелген және бұдан кейінгі атқарылар шаруаның шаш етектен екенін ескерсек, облыс әкіміне жүктелер жүк салмақсыз емес.

Н.ҚАЗИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: