Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құмар ойынның құрығы ұзын

26.07.2024, 15:40 363

Бүгінде елімізде құмар ойындарынан келетін қауіп үлкен мәселеге айналып отыр. Мұндай ойын түрі күн өткен сайын түрленіп, қоғамға келтіретін зияны ұлғайып келеді. Оңай жолмен табыс табуға құныққан адам әртүрлі қиындықтарға душар болып, қоғамнан біртіндеп ажырап, өзгелермен байланыс орнату, яғни тұлға ретінде даму секілді адами қасиеттерін жоя бастайды. Жасыратыны жоқ, құмар ойын адам баласын өз-өзіне қол жұмсау, бір-бірін өлтіру, ажырасу, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, қарызға бату сияқты халге де жеткізуде. Бұдан да сорақысы, құмар ойынға елітушілердің арасында өз әйелін, үйін, көлігін, басқа да қажеттіліктерін бәске тігушілер кездесіп жатады. Осының салдарынан бейкүнә балалар жапа шегіп, қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсуде.

Өкінішке қарай, біздің елде орта есеппен 350 мың адам құмар ойынның құрбанына айналса, олардың орташа қарызы 10 млн теңгеден асады. Сондай-ақ әрбір 10 жұптың 7-еуі құмар ойынның кесі­рінен ажырасады екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: