Батыс Қазақстанда киіктердің неден қырылғанын анықтау үшін облыстық жедел штаб құрылды, – деп хабарлады Қазақстан ұлттық арнасы.
13 мамыр күні Жәнібек ауданының Қайрат ауылы аумағында жүздеген бөкеннің жайрап жатқаны анықталған еді. Ресми мәлімет бойынша, жаңбыр суы жиналған шағын каналға найзағай түсіп, 372 бас бөкен өлген. Терісін тесіп өткен найзағай ізі анықталған. Ал кейбірі бірден өлмей, жүріп бара жатып құлаған. Өлекселерден сынама алынды. Нақты себебі зерттеуден соң белгілі болады.
Арман Ізімғалиев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының бас маманы:
Болжам бойынша киіктердің қырылу себебі ауа райының қолайсыздығынан болуы мүмкін. Киік ұшалары, яғни төшкелерінде найзағай разрядымен зақымдану фактісі анықталған. Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында киіктің төшкелері жойылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!