Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Келінмен қоса кредит алғанына өкініпті…

18.12.2020, 15:00 766

HALYQLINE.KZ Автобуста өздерінен басқа жоқтай, екі әйел сампылдап отыр. Ең маңызды сөз мынау болды. Біреуінің әпкесі қызын күйеуге ұзатыпты. Жағдайы жоқ болған соң жігіт жаққа «қызыма төсек-орын беруге шамам жоқ, ұзату тоймен шектелейін» десе, болашақ құдағиы көнбепті.

Жыны келген әпкесі «ақыртүбі күллі зат сенің үйіңе барады» деп, үш миллионға қызының атына кредит алып, төсек-орынды қатырып жасап береді. Той біткен соң жігіт жақ келінмен қоса үш млн кредитті қоса алғанына іштері удай ашыпты. «Жақсылықпен көнбеген құдағидың енді сол кредитті баласы төлеп жатыр» деп мәз боп күлді. Қыз шешесінің тапқырлығына таң қалдым.

Сая Қасымбектің фейсбуктегі парақшасынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: