ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевқа хат
Кезек күттірмейтін мәселелер:
1. ҚР Президенті жанынан Ғылым мен технология туралы Жоғарғы Консультативті Кеңес құру қажет. Президенттің ғылым, технология және инновация туралы Мемлекеттік Кеңесшісі болу керек. Ғылымның басымдықтарын, критикалық технологияларды мемлекеттік саясат ретінде белгілеу қажет. Ғылым министріне вице-премьердің статусын беру керек. Себебі ғылым барлық салада бар.
2. Ғылым, интеллектуальды меншік, авторлық құқық туралы, кіші инновациялық бизнес заңдары керек.
3. Мемлекеттік Ұлттық ғылым Академиясы туралы ҚР Президентінің Жарлығы қажет. Академия жанында «Ғалымдар Аллеясы» паркі болу керек.
4. Ғалымның статусын, жалақысын еселеп көбейту, Қазақстанда ең жоғары айлық алатын ғалым болу керек. Ғалымдарға ғылымдағы жетістігі үшін арнайы «Қ.Сәтбаев атындағы мемлекеттік ОРДЕН» тағайындалсын. Жас ғалымға жаңа көзқарас қажет. Ғылыми зерттеу институттарында PhD қорғайтын Кеңестер ашу керек. Халықаралық және әлемдік деңгейдегі ғалымдардың мектебін ашу қажет.
5. Ғылымның материалдық-техникалық базасын жаңғырту, жаңарту қажет (тозу өте жоғары, 70-80%).
6. Ғылымды коммерциализациялау тетігін жасау керек.
7. Ғылымға мемлекеттік тапсырыс, грант, т.б. қаржыландыру көздерін жасау керек. Мемлекет экономикасы дұрыс даму үшін ғылымға бөлінетін қаржы кем дегенде ЖІӨ-нің 1,5%-ы болып, ал әлемде бәсекелес болу, үдемелі дамуы үшін 3-5%-ға жеткізу қажет.
8. Аймақтарда ғылыми орталықтар, технопарктер, венчурлық-инновациялық қорлар ашып, ғылымның өндіріске енгізілуін күшейту қажет. Үкіметтің және әкімдердің жылдық есебі аймақтарда ғылым мен білімге, кіші инновациялық бизнеске қандай жағдай жасап, үлес қосқандығымен бағалануы тиіс.
Осының бәрін жасау үшін ҒЫЛЫМҒА ЖҮЙЕЛІК ТӘСІЛ керек.
Оразалы СӘБДЕН,
академик
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!