Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Депутат Зейнуллин: Үкімет шаруалар шығынын өтейтін механизм енгізу керек

24.05.2023, 16:45 597

HALYQLINE.KZ

Парламант депутаты Аян Зейнуллин мәжіліс отырысында киіктерге қатысты мәселе көтерді. Киік санының күрт көбейіп кетуін шаруашылыққа жайлы емес деп есептейді.

  • – Кейінгі мәлімітте киік саны 2 миллионнан асқаны айтылады. Оның 90%-ы Қазақстанның батысында. Негізінде салалық министрліктің есебі бойынша киіктердін саны 750-770 мыңнан аспауы керек еді. Жайылым жердің өзін айтпағанда, шаруа қожалықтары маңдай терімен еккен егістіктерді киіктер тобы бір таптап өткенде-ақ миллиондаған қаржыcы желге ұшады, – деді Аян Зейнуллин.

Депутат Қазақстанның солтүстігінде жылына 150 мыңдай гектар егін алқабы бүлінетінін мысалға келтірді. Орта есеппен 1 гектардан 10 центнер өнім зая кетсе, сол өңірдің шаруалары 14 млрд теңге шығынға ұшырайды.

– Несие қайтара алмаған шаруалар банкрот болып жатыр. Бұндай жағдайда үкіметтің жайбасарлығы таңғалдырады. Киіктен зардап шегіп отырған 6 облыстың шаруалары қауқарсыз болып отыр – дейді ол.

Сонымен қатар түрлі себеппен өліп жатқан киіктер де бар көрінеді. Қараусыз жатқан дүниеге ауыл жұрты көз салады. Кәдеге жаратпаса да, қабырғаны безендіремін деген оймен өліп жатқан киік мүйізін кесіп алғандар сотталып жатыр екен. Оның ішінде білместік жасаған жасөспірімдер де бар болып шықты.

  • Бұл жерде заң бұзушыларды жақтап жатқанымыз жоқ. Мәселені осындай деңгейге дейін жеткізбеу керек. Мұндай жағдайда біз киіктің емес, адамның обалына қалатын сияқтымыз. Сонымен қатар өліп жатқан киіктер түрлі ауру ошағына айналады. Шаруалардың малы сол жерде жайылатындықтан оларға ауру жұғып, эпизоотиялық ахуал ушығады. Қазақстанға киік мәселесімен қаншама шетелдік эксперттер келгенімен ешқандай нақты қадам жоқ. Қазақстанның ең бірінші байлығы – халқы! Осы ретте дәл қазір киікті қорғаймыз ба, әлде киіктен адамды қорғаймыз ба? Тез арада киік популяциясын реттеп, мүмкін оны өндірісті жолға қойып, мүйізін, етін, терісін дұрыс пайдаланып, кәдеге жаратқан дұрыс шығар?! Егер үкімет киік қарғысынан қорықса, шаруалардың шығынын толық өтеп беру механизмін енгізу керек. Бұл мәселеде нақты шешім керек, – деді Аян Зейнуллин

Еске сала кетсек, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті биыл 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанға дейін «аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту туралы» бұйрық әзірлеп, Қазақстанның төрт облысында лимит бойынша барлығы 1815 киік аулау жоспарланған. Онда Ақмола облысына 705 киік, Қарағандыға 700 киік,  Қостанай облысына 210 киік, Батыс Қазақстанға 200 киік аулауға рұқсат етілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: