Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін – балаларды ЛГБТ-дан қорғау күні

01.06.2021, 9:00 668

HALYQLINE.KZ

Жылда 1 маусымда елімізде Балаларды қорғаудың халықаралық күні аталып өтіледі. Жұрттың көбі бұл күннің мағынасын бір жақты, балаларды тек ұрып-соқпау деп түсінеді. Отбасында ата-анасы ұл-қыздарын паркке апарып қыдыртады. Балапандарының дегенін істейді, еркелігін көтереді, ойыншық, фаст-фуд, балмұздақ әпереді. Бітті сонымен! Бірқатар адамдар балалар үйлеріне барып қажет заттарын, киім-кешек апарып, көмек жасайды. Оларға да рақмет! Бірақ көп жағдайда іс-шара сонымен аяқталады, бала біткен келесі жылға дейін ұмыт қалады.

Ал бүгінгі күні ата-аналар үшін өте қауіпті кезең туып отыр. Бұрын алыстан ғана естіп қоятын ЛГБТ қауымдастығының әрекеттері бүгінде көз алдымызда өтіп жатыр. Отбасыңда перзенттеріңнің бірі солардың ықпалына түсіп кеткен жоқ па?! Ата-анасын қайғыға түсіретін азғындық есігіңді қағып тұрмасын!? Сақтық, балаларды көзден таса етпеу бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Құдайдың қарғысына ұшыраған бәтшағарлар шетелдік «байларының» көмегіне арқа сүйеп қатарын көбейтуге тырысып бағуда. Олар санымыз неғұрлым көп болса, дауысымыз солғұрлым салмақты шығады деп есептейді.

Сол әрекеттерін мектеп жасына дейінгі балалардың санасын бүлдіруден бастайды. ЛГБТ жалауының түсін насихаттайтын, балалардың көзін үйрететін, көргенде біздің жалау ғой деп өзімсіне бағалайтын психология туғызуға тырысады. ЛБГТ жалауына ұқсас лего ойындар соған қызмет етеді. Мектеп жасындағы балаларға ұлды қыз, қызды ұл етіп киіндіріп қарама-қарсы жыныстың мінез-құлқын дарытуды көздейтін «День наоборот», «Ночь на день» сияқты бағдарламалар тықпаланады. Сол арқылы олардың қызығушылығын оятқылары келеді. «Поцелуй!» сияқты компьютерлік ойындардың да функциясы осыған ұқсас.

Бүгінде психикасы толық қалыптасып үлгермеген ұл-қыздарымызға қатты әсер ететін компьютер, дәлірек айтқанда компьютерлік ойындар, компьютерлік чаттар. Сондықтан балаңыз компьютерде не қарап отыр, немен айналысуда, оны білгеніңіз дұрыс. Ұрпақты ЛГБТ қауымдастығынан алыс ұстаудың басты амалы – балаларды имандылыққа үйрету, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты, ізгілік пен азғындықты ажырататындай қасиет дарыту. Ең бастысы ұлды – ұл, қызды – қыз етіп тәрбиелеу.

Педофил дегенді бүгінде жұрттың бәрі білетін болды. Оны кішкентай ұл-қыздарға жыныстық зорлық жасайтын психологиялық науқас деп қояды, алайда ол ең алдымен гомосексуалист. Міне, сол педофилдер – ЛГБТ қауымдастығының өз идеяларын күшпен, яғни ұл балаларды зорлау жолымен өз қатарына қосатын агрессивті «гвардиясы». Мамандарға, діни тұлғаларға хабарласып ішкі мұңын бөлісетін жас жігіттер көбіне бала немесе жасөспірім кезінде осындай жыныстық зорлыққа ұшырағандарын айтады. Жеке басының қайғысын ата-анасына, достарына айта алмайды. Бүкіл өмірінің тас-талқан болғанына, азғындар тобырына тап болғанына өкінеді. Құдай қарғағандардың ықпалына бір түскен соң одан құтылудың мүмкін еместігін алға тартады.

Сондықтан ойнап келуге аулаға шыққан қызға да, ұлға да сақ болуды үнемі үйрету қажет. Бейтаныс адамға жолауға болмайтынын, «кәмпит берем», «күшік сыйлаймын», «мамаңа апарамын» деген тәрізді алдаусыратуға ілеспеуін үнемі құлаққа құйып отырған абзал. Бірақ баланың аты – бала.

Бәрінен ата-ананың тікелей бақылауы, ұрпағын көзден таса етпеуі аса маңызды. Балалар 1 маусымда емес бүкіл жыл бойы қорғауда болуға тиіс!

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев),

жазушы-публицист

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: