HALYQLINE.KZ Бүгін, 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні. Экологтардың мерекесінде мынадай сұрақсыз, сұмпайы статистиканы тағы жариялағым келеді.
Қазақстанда бір ғана облыста (Батыс Қазақстан), бір айдың ішінде (15.04-15.05.2020, «Киік» акциясы кезінде) браконьерлікке қатысты 6 (!) факті тіркелді, ең өкініштісі 24 өлген киіктің денесі мен 697 мүйіз тәркіленді!
Өткен жылы заңға түзету енгізіліп, заңсыз киік атқандар 12 жылға сотталатын болды. Заңда бірнеше рет браконьерлікпен айналысқан, топ құрып немесе алдын ала сыбайласып қылмыс жасаған, қызметтік лауазымын пайдаланып мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтіргендер қатаң жазалатыны жазылған.
Бірақ заң күшейтілгенмен, киіктерді қырудан айылын жияр браконьерлерді көрмей отырмыз. Соны сезгендей, даланың ақбөкендері Қазақ даласынан Өзбек еліне ауыпты. Жуырда Биологиялық саналуандықты қорғау қауымдастығы соңғы 5 жылда киіктердің Өзбекстан аумағына кіретін Үстіртте байқалғанын хабарлады.
БЕТПАҚТАН КИІК КЕТСЕ, КИЕ ДЕ КЕТЕДІ! ОСЫНЫ ОЙЛАДЫҚ ПА, АҒАЙЫН! МЕНІҢШЕ, ҚАЗАҚСТАНДА КИІКТЕРДІ ҚОРҒАУ КҮНІН ЖАРИЯЛАП, ОНЫ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ ЕРЛАН НҰРҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАН КҮНІНДЕ АТАП ӨТУ КЕРЕК!
Төлен ТІЛЕУБАЙ,
журналист,
Нұр-Сұлтан қаласы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!